Атырау, 24 сәуір 02:39
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ҚР ІІМ уақытша тіркеуге жатпайтын азаматтар санатын жария етті

1 661 просмотра

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл жəне ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев уақытша тіркеуден босатылатын азаматтар санатын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Азаматтарды тіркеуге қатысты мәселені айта кетейін. Жаңадан салынған үйлердің тиісті құжаттары дайын емес, сол себепті осындай үйлерде тұрып жатқан азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеле алмайды. Осы жағдайға байланысты біз Жоғары сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігімен арнайы шешім қабылдадық. Жаңадан салынған үйлерде тұрып жатқандарды жауапкершілікке тарту дұрыс емес. Осы шешімге сәйкес, облыстардағы көші-қон полициясы бөлімшелеріне тиісті түсініктемелер берілді. Бұған қоса, Үкімет Қаулысының жобасына толықтыру енгізілді. Ол уақытша тіркеуге жатпайтын азаматтардың санатын қарастырады. Бұлар 16 жасқа толмаған балалар, науқас азаматтар және емделуде жатқандар, вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар, əскердегі сарбаздар», - деп жазды Алмас Сәдубаев Фейсбуктағы парақшасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 наурыз 2017, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.