Атырау, 25 сәуір 16:39
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Елбасы Ақмола облысының әкімін тағайындады

1 843 просмотра


Мемлекет басшысы Мәлік Мырзалинді (суретте) Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде хабарлады. 

Мәлік Мырзалин 1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған.  1996 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.  2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебінде (АҚШ) біліктілігін арттырудан өткен.  Саяси ғылымдарының кандидаты (2010 ж.), ағылшын және урду тілдерін меңгерген.  

1996 - 2004 жылдары -  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің референті, атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, Мәскеу қаласы.  2004 - 2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, Петропавл қаласы.  2006 - 2007 жылдары -  Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Петропавл қаласы.  2007 - 2008 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Петропавл қаласы.  2008 - 2009 жылдары - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары.  2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы.  2011 - 2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы.  2013 - 2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары.      

«Құрмет» орденімен (2014 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005 ж.) марапатталған.  Үйленген, үш баласы бар. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

14 наурыз 2017, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.