Атырау, 23 желтоқсан 21:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бензин бағасының өсуін тоқтату үшін жұмыс істеп жатырмыз - Бозымбаев

2 453 рет қаралды


ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мемлекеттік органдардың бензин бағасының өсуін тоқтатқысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз (бензин бағасының өсуін тоқтату - автор.)", - деді министр журналистерге үкімет отырысынан кейін. Бозымбаевтың айтуынша, 2017 жылдың екінші жартысынан бастап Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын пайдалануға беру арқылы бензин бағасының өсуін тоқтатуға болады. 

Сондай-ақ, министр қазақстандық жанармай бағасының көрші елдермен салыстырғанда төмен екенін айтып өтті. 

"Мен халықтың орта табысын бензин бағасымен салыстырып отырған жоқпын. Бірақ егер сіздер бағаны Ресеймен салыстырсаңыздар, мысалы, онда А-92 бензины 180 теңге тұрады. Әрине, бағаны Еуропамен салыстыратын болсаңыздар, мүлде бөлек сандар шығады", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


14 наурыз 2017, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.