
Бүгін Астанада Сирияға қатысты келіссөздердің үшінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Baq.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Келіссөз аясында екіжақты және үшжақты консультация өтеді деп күтілуде. Қазіргі таңда Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаған ресейлік делегацияның Милош Стругар жетекшілік еткен БҰҰ өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр.
Кездесуге ресейлік делегация атынан Таяу Шығыс және Солтүстік Африка департаментінің директоры Сергей Вершинин мен Жедел бас басқарма басшысының орынбасары Станислав Гаджимагомедов те қатысуда.
АҚШ делегациясының құрамына Қазақстандағы елші Джордж Крол мен Вашингтоннан келген өкіл кірген. Түркия мен Иран атынан министрлердің орынбасарлары қатысып жатыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, сейсенбі күні елордаға Сирияның «Оңтүстік майдан» қарулы оппозиция тобының делегациясы келеді деп жоспарлануда.
Астанадағы кездесуде тұтқындармен алмасу және гуманитарлық нысандардан минаны алып тастау бойынша жұмыс тобын құру туралы мәселелер қаралмақ.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау 0