Атырау, 15 қазан 09:32
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Астана: Қазақстан БҰҰ ҚК-ге 2018 жылы қаңтарда төраға болады

2 782 просмотра

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2018 жылы қаңтарда төрағалық жасайды деп хабарлады Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов (суретте). Мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген Абдрахманов ай сайынғы ротациялық негізде ауысып келіп отыратын төрағалық міндет Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің "шырқау шыңы" болмақ.

ҚҚазАқпараттың хабарлауынша, Абдрахманов Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезінде Орталық Азия мен Ауғанстанға қатысты қарар, я мәлімдеме қабылдау жоспарланып отыр дейді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және екі жыл мерзімге сайланатын тұрақсыз 10 мүшесі бар. Осы айда кеңеске төрағалық ету құқығы Украинадан Ұлыбританияға өтті.

Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің тұрақсыз мүшесі қызметіне 2017 жылы 1 қаңтарда кірісті. 2 қаңтарда Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толды.

Дереккөз: Азаттық

13 наурыз 2017, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.