Атырау, 15 қазан 09:32
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Манеза, Подобедова, Чиншанло жаттығуларын жалғастыруда

1 933 просмотра

Мая Манеза, Зульфия Чиншанло жəне Светлана Подобедова жаттығуларын жалғастыруда. Алдағы уақытта Подобедова жəне Чиншанло 2020 жылы өтетін Токио олимпиадасында бақтарын сынауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Ал аталған додаға Мая Манеза қатысады ма,  əзірге белгісіз. Бүгін бұл жөнінде Алматы облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев мəлім етті. 

"Зульфия Чиншанло жас спортшы. Токио олимпиадасына қатысуы тиіс. Мұндай мүмкіндік Светлана Подобедовада да бар. Ал Мая Манеза төңірегінде біраз сұрақтар туындауда.  Қазір осы үшеуі нақты  спорттан  шеттетілген  жоқ. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасында жаттығуларын жалғастырып жатыр. Өздеріңізге белгілі, 2018 жылы  жазғы Азияда ойындары өтеді. Олар осы додаға  дайындықтарын шыңдайды деген үміттеміз", деді Шарапиев. 

Басқарма басшысының сөзінше, халықаралық олимпиада комитеті аталған спортшылардың медальдарын  алып, нәтижелерін жойғанымен, зілтеміршілер спортпен қоштаспайды. Себебі, халықаралық ауыр атлетика федерациясы Мая Манеза, Зульфия Чиншанло және Светлана Подобедованы спорттан шектету жөнінде нақты шешім шығармаған. 

Сондай-ақ жиын барысында республикалық жəне халықаралық жарыстарда жоғары нəтижелерге жеткен спортшыларға ай сайын облыс əкімінің сыйақысы төленетіні айтылды. Өңірдің 60 үздік  жəне 21 мүгедек-спортшысы 30 мыңнан 300 мыңға дейін сыйақы алады. Қазір облыс тұрғындарының 27 пайызы яғни 520 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен шұғылдануда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 наурыз 2017, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.