Атырау, 15 қазан 07:15
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Әліппе мектеп алды даярлық тобында оқытыла бастайды - БҒМ

5 842 просмотра

2017 жылғы оқу жылынан бастап Әліппе мектепалды даярлық тобында, яғни «нөлінші» сыныпта оқытылады. Бұл туралы ҚР БҒМ Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Жаңыл Жонтаева Baq.kz тiлшiсiне берген сұхбатында айтты.

«Сауат ашу 2016 жылы немесе биыл шыққан жоқ. Сіздер нормативтік құжаттарды көрсеңіздер, Сауат ашу 2012 жылдан бастап бар. Нақты датасын айтсақ, 25 сәуір 2015 жылы білім бағдарламасы Сауат ашу деп шыққан болатын. Бұл өзінің бұрыннан келе жатқан атауы. Бағдарлама атауы солай болып, екіге бөлініп кітап шығатын. Олардың біреуі – Әліппе, екіншісі - Ана тілі. Ал Сауат ашу деген нормативтік құжатта жүрген өзінің тарихи атауы», - деді Ж.Жонтаева.

Маманның айтуынша, мектепте Сауат ашу деп жүргізіліп келе жатқан пән енді Ана тілі деп өзгертілмек. Яғни, пән енді білім бағдарламасының атауымен аталмайтын болады. Ж.Жонтаева сауат ашу пәнiн «Ана тiлi» деп атау туралы көптеген ұсыныс келiп түскенін, ол атау қабылданғанын айтты. Ендi Сауат ашу атауы «Ана тiлi» болып өзгертiледi, - деп түсіндірді.

«Ал Әліппе «нөлінші» сыныпта жүргізілетін болды. Биыл, 2017 жылдың қыркүйек айынан мыңнан астам балабақша пилоттық режимде Әліппені өткіземіз деп ұсыныстарын түсіріп отыр. Біз Әліппе дайын болғандықтан барлық пилоттық режимде өткіземіз деген балабақша мен мектептерді, «нөлінші» сыныпта оқитын балаларды, яғни оқимыз деген балғындардың барлығын Әліппе оқулығымен қамтамасыз ете аламыз. Бұның бәрі неден шықты? Бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей жағдай жасау керектігінен шықты. Өйткені, қазір бірінші сыныпқа келген балалардың жартысы оқи алады, жартысы оқи алмайды. Бұрынғы бағдарлама бойынша, бірінші сынып оқушылары Әліппені үш ай оқыса, енді мектепалды даярлық топта оны бір оқу жылы бойы оқиды. Сонда біз бірінші сыныпқа келетін балалардың барлығын дайындадық деп айта аламыз. Солай біз оқушылардың білімін көтеру мақсатымен, ұстаздармен бірге ақылдасып, осындай шешімге келдік», - деді Ж.Жонтаева.

Еске салсақ, биылдан бастап «нөлінші» сыныптың пилоттық режимде енгізілетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: Baq.kz

7 наурыз 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.