Атырау, 23 желтоқсан 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қостанай облысында құлындардың не себепті қырылуы мүмкін екені айтылды

2 089 рет қаралды
Видео скриншоты

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Марат Күзенбаев аймақтағы жылқы төлінің жаппай қырылуына не себеп болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Alau.kz

Оның айтуынша, басқарма жетекшісі ауылдарда болып қайтты. Қазір жағдай реттелген. 

"Биелердің түсік тастауы қайталанған жоқ. Әңгіме жаппай қырылу туралы. Бұл жағдай 2016 жылдың желтоқсанында басталды. Себептердің бірі - ауа райы. Амангелді ауданында күз суық болды. 

Оның үстіне жануарлардың иммунитеті де түсіп кетті", - дейді ол.  Дегенмен зертханада сараптама жүріп жатыр. Оның қорытындысы апта соңында белгілі болады.  

Еске салайық, Амангелді ауданының тұрғындары жылқы төлінің туа сала қырылып жатқанын айтқан болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz 


7 наурыз 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.