Атырау, 15 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Астанада параны оңды-солды алған шенеуніктердің кезекті бір тобы тұтқындалды

2 348 просмотра
Фото: geology.gov.kz

Астанада инвестиция және даму министрлігіне қарасты Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің басшысылары істі болып жатыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Төраға Базарбай Нұрабаевты Ұлттық бюро 6 миллион теңге пара алып жатқан жерінде қолына кісен салған.

Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Нұрабаев бюджет ақшасын талан-таражға салу, пара алуды мықтып жолға қойған екен. Яғни, орынбасары, бөлім басшыларынан бастап, сыныптасына дейін 17 адамды жинап, қалта қампайтуға жүйелі түрде кірісіпті.

Еліміздің қазба байлықтарын зерттеп, игеруге тендер ұтып беру үшін кәсіпкерлерден пара алған. Тіпті, Геология комитетінің басшылары құпия мәліметтерді пайдаланып, кенді жерлерді алдын ала сыбайластарының атына жаздырып отырған. Сөйтіп, кейін нарық бағасына саудалапты.

Ауызбастырықты бұлар пәтерлей де, қымбат көліктей де алған дейді Ұлттық бюро тергеушілері. Қазір, Нұрабаев бастаған 17 сыбайлас Астанадағы тергеу қапасында жатыр.

Дереккөз: stan.kz

7 наурыз 2017, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.