Атырау, 15 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Киевте қазақ тілін үйрететін клуб ашылды

2 347 просмотра
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің бастамасымен Жамбыл Жабаев атындағы Киев қоғамдық кітапханасының қабырғасында алғаш рет Украинадағы қазақ диаспорасы өкілдерінің балаларына арналған қазақ тілін үйрететін клуб ашылды, деп хабарлайды BNews.kz

Курс бағдарламасында қазақ тілінің грамматикасы мен лексикасын үйрету көзделген, сондай-ақ қазақ халқының ұлы ойшылдарының еңбектерімен таныстыру сабақтары жүргізіледі. Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасы, экономикасы мен қоғамдық-саяси өміріне қатысты арнайы дәрістер өткізу жоспарланған, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстандағы бірлік және тұтастықты  нығайтудың басты факторы», – деп атап айтты клубтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген елші Самат Ордабаев. 

Клуб өз жұмысын Қазақстан және Украина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай бастады.

«Бұл бастама қазақстандық-украиндық достықтың ары қарай тереңдетілуіне тағы бір жақсы қадам болатынына сенімдімін», – деді елші.

Өз кезегінде Украинадағы қазақ диаспорасының өкілдері ана тілдерін шетелде үйренуге берілген мүмкіндік үшін алғыс білдірді.

Дереккөз: bnews.kz 

7 наурыз 2017, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.