Атырау, 15 қазан 07:16
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Қазақстандық әуе компаниялар енді Транссібір бағытын пайдаланады

1 550 просмотра

Транссібір бағытының арқасында қазақстандық әуекомпаниялар Улан-Батор мен Токиоға жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік алады.

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қазақстандық әуекомпанияларға Транссібір бағытын пайдалану арқылы ұшу құқығы берілді деп хабарлайды ҚР инвестициялар және даму министрлігі. © SPUTNIK / АНАТОЛИЙ УСТИНЕНКО Қазақстандықтар Қытайға күнде ұшу мүмкіндігіне ие болды Қазақстан мен Ресейдің қалыптасқан екіжақты серіктестік ынтымақтастығының негізінде Ресей Федерациясы территориясының әуе кеңістігімен ұшу мәселесі жөнінде келісім жасалды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша, қазақстандық әуекомпанияларына Ұлан-Батыр мен Токиоға кедергісіз жаңа бағыт ашуға мүмкіндік беретін Транссібір бағыты жүйесін қолдану арқылы ұшу құқығы берілді.  Аталмыш мәселе ұзақ уақыт талқыланды. Сонымен қатар, қазақстандық тасымалдаушылар Астана-Байқоңыр және Алматы-Байқоңыр бағыттары бойынша күн сайынғы рейстер орындау құқығын алды. Тараптар келісімді хат алмасу жолымен бекітті.

Дереккөз: sputniknews.kz 

7 наурыз 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.