Атырау, 23 желтоқсан 19:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Прокуратура: Әблязовке қатысты іс сотқа жіберілді

2 542 рет қаралды
Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязовтың (ортада) түрмеден шыққан сәті. Франция, 9 желтоқсан 2016 жыл.

Оппозициялық олигарх, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов пен оның серіктеріне қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді деп хабарлады бүгін Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратура 3 наурызда "БТА Банктің" бұрынғы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов, банктің басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Жарымбетов, басқарма төрағасы С.Мамеш пен банктің несиелеу жөніндегі директоры К.Садықоваға қатысты қылмыстық істі қараған. Оның қорытындысында Әблязовтің адвокаты мен аталған күдіктілерге айыптау актісі берілген.

Прокуратура Әблязов шетелде жасырынып жүргендіктен және бұған дейін шақыртқан тергеуге келмегендіктен оның сырттай сотталатынын айтады.

Дереккөз: azattyq.org

7 наурыз 2017, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.