
«Елбасы Жолдауында қазақ тiлiнiң басымдығы сақталатыны ерекше аталып өттi. Бiлiм және ғылым министрлiгi бұл тапсырмаларды iске асыру үшiн қажеттi iс шараларды қолға алып жатыр. Алайда соңғы күндерi ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде жалған ақпарат тарату және араңдату фактiлерi болғанын бiлесiздер. Бұл – бiлiм және ғылым салаларын дамыту бағдарламасының беделiн түсiруге бағытталған қадам. Министр өз пiкiрiн айтып, жариялады. Бiз де ресми мәлiмдеме жасау үшiн келдiк», - дедi Э.Суханбердиева.
Вице-министрдiң айтуынша, 2009 жылы қабылданған мамандықтар классификаторы өзгерген жоқ. Қазақ тiлi мен әдебиетi, тарих, лингвистика, шығыстану мамандықтары өз орнында. Ештеңе өзгерген жоқ, бұдан кейін де өзгермейдi. Болашақта жаңа классификатор дайындалған жағдайда да аталған мамандықтар сақталады.
«Желiде сөз болған құжаттың қайдан пайда болғаны белгiсiз. Қалай болса да, бұл жалған ақпарат. 2017 жылы 1 ақпанда ешқандай да жаңа классификатор қабылданған жоқ. Бұны Әдлет министрлiгi де дәлелдедi. Университтерде қазақ тiлi мен әдебиет кафедралары жұмыс істеп тұр. Олардың жабылатыны туралы ақпарат та жалған», - дедi вице-министр.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау -1