Атырау, 23 желтоқсан 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚР БҒМ арандатудың алдын алу үшін құқық қорғау органдарына хабар береді

2 724 рет қаралды

ҚР Білім және ғылым министрлігі әлеуметтік желілерді таралып жатқан жалған мәлімет туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Ведомствоның мәліметінше, "Қазақ тілі", "Қазақ әдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика" және "Шығыстану" мамандықтарын Классификатордан шығарылғаны бойынша мәліметтер шындыққа жанаспайды.  Министрлік өкілдері мән-жайды анықтау үшін органдарға хабар береді.

"ҚР БҒМ бекітілген тәртіпте сәйкес органдарға осы тектес арандатудың алдын алу бойынша шара қабылдау үшін хабарласады", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Еске салайық, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев соңғы уақытта әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

"Құрметті ұстаздар, ата-аналар жəне оқушылар! Соңғы кезде сіздер Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы "Қазақ тілі", "Қазақ əдебиеті", "Қазақ тарихы", "Лингвистика", "Шығыстану" сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, немесе ҚР БҒМ "Серпін" жобасының жұмысын тоқтатып, министр Сағадиев еліміздің ЖОО-да ежелгі қазақ тарихы кафедраларын жауып, осы пəннің жүргізілуін доғарғаны туралы ақпаратты кездестіруіңіз мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын, сондай-ақ мұндай хабарлардың шындығында неғұрлым көп қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін білген абзал", - деп мәлімдеген еді министрлік өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz

6 наурыз 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.