Атырау, 15 қазан 07:12
 ашықВ Атырау +17
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайды – депутат

1 715 просмотра

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Отырыста баяндама жасаған Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма бес жылдық тарихы ел Президенті ұсынған барлық идея мен қағидаттардың жан-жақты терең ойластырылғанын және заңдылығын растап отыр. Олар саяси тұрақты және экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеген мемлекетті қалыптастыру үшін берік іргетас қалады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекші рөлі, оның бастамалары қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуын және дамуын қамтамасыз етті. Қазақстан қоғамының өкілдері Елбасының мемлекетімізді құрудағы ерен еңбегін баянды ету туралы мәселені бірнеше рет көтерді», - дейді Нұрлан Әбдіров.

Мәжіліс депутаты осыған байланысты Конституцияның 91-бабы 2-тармағының редакциясы қалай ұсынылғанын айтты.

«Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанды құрушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгертуге болмайды», - дейді ол.

Дереккөз: Baq.kz

6 наурыз 2017, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.