Атырау, 15 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Негізгі заңымызда Тұңғыш Президентіміздің баға жетпес рөлі мен оның маңыздылығын көрсету қажет - Бақытгүл Хаменова

2 588 просмотра


Астана қаласының атауын Елбасы атауына өзгерту туралы ұсыныс жасаған депутат Бақытгүл Хаменова негізгі заңымызда Тұңғыш Президентіміздің баға жетпес рөлі мен оның маңыздылығын көрсету қажеттілігін атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияда біз еліміздің Конституциясына Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін айтып, сондай-ақ, елордаға және еліміздің басқа да маңызды нысандарына Елбасының есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатынбыз. Конституциялық реформаның жобасын бүкілхалықтық талқылауға салу барысында азаматтарымыз осы ұсынысты қолдайтыны жайлы пікір білдірген еді. Тұңғыш Президентіміздің есімін Астана халықаралық әуежайына және басқа да нысандар мен кәсіпорындарға беру туралы ұсыныстар айтылды", - деді депутат Хаменова. 

Депутаттың айтуынша, негізгі заңымызда Тұңғыш Президентіміздің баға жетпес рөлі мен оның маңыздылығын көрсету қажет. Депутат Конституцияның 91-бабының 2-бөлігіне еліміздің құндылықтары жайлы, сондай-ақ, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған әрі көшбасшымызға қатысты өзгертулер енгізу керек. 

Еске сала кетейік, осыған дейін депутат Бақытгүл Хаменова елорданың атауын Елбасы деп өзгертуді ұсынған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 наурыз 2017, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.