Атырау, 15 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Ә.Жақсыбеков әкімдерді «жаңаша» тағайындау әдісімен таныстырды

2 991 просмотра


Бүгін Астанада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Конституцияның жаңа редакциясында қарастырылған жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарына қатысты баптарға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Түзетулердің төртінші бөлігі жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталып отыр. 86-баптың 5-тармағына енгізілген өзгертулерге сәйкес, мәслихаттардың өкілеттілігін президент премьер-министрмен және парламент палаталарының төрағаларымен кеңескеннен кейін тоқтатады. Бұл дегеніңіз, мұндай шешімді қабылдау әлдеқайда демократияланғанын білдіреді», - деді Ә.Жақсыбеков.

Сондай-ақ ол әкімдерді қызметіне тағайындау және қызметінен босату талаптарын өзгертуге қатысты жасалған ұсыныстармен таныстырды.

«Облыстар және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін ескермегенде, әкімдерді қызметіне тағайындау, қабылдау және босатуды бұдан былай мемлекет басшысының актісімен емес, арнайы заңмен айқындау ұсынылып отыр», - деді жұмыс тобының жетекшісі.

Дереккөз: Baq.kz

3 наурыз 2017, 11:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.