Атырау, 15 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Бензин бағасы тағы көтерілді

2 125 просмотра

Қазақстанда бензиннің бағасы біртіндеп көтеріліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Мәселен, «Sinoil»  жанар-жағар май құю стансаларында АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 140 теңгеден 143 теңгеге көтерілді. Ал АИ-95 пен АИ-96-ның бір литрі 155 теңгеден сатылып жатыр. Бұрын осы санаттағы бензин 152 теңге тұрды.  «Helios»-тің жанар майы да қымбаттады. Атап айтқанда, АИ-92 бензині 143 теңгеден сатылса, АИ-95-тің құны 154-ке дейін көтерілді. Ал «Prime»-да АИ-95 пен АИ-98-дің бензині 164-165 теңге болып тұр. 

Айта кетейік, соңғы рет бензин ақпанның орта шенінде қымбаттаған болатын. 2015 жылы қыркүйек айында Қазақстанда АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензинге қатысты мемлекеттік реттеуді алып тастаған. Ондай реттеу тек АИ-80 маркалы бензиннің бөлшек саудасына тарайды. 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытын жаңғыртқаннан кейін бензиннің бағасы арзандайды. Алайда бәрібір Ресейдегі бағалар негізге алынады. Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Атырау мен Павлодар зауыттарында жаңғырту жұмыстары аяқталса, 2018 жылдың алғашқы алты айында Шымкент зауыты толығымен жаңғыртылып болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 наурыз 2017, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.