Атырау, 15 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылады

2 265 просмотра

2019 жылы Қазақстан Ресей бензиніне тәуелділіктен арылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев (суретте) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ең бастысы осы жылдың екінші жартыжылдығында Павлодар мұнай-химия зауытын және Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары аяқталатын болады. Оларда тиісті құрал-жабдықтар іске қосылады. Биыл бензин өндіру көлемін біршама арттырамыз. Бірақ Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртып, қайта іске қосу мерзімі 2018 жылдың бірінші жартжылдығына жоспарланып отыр. Жалпы, үш мұнай зауытын жаңғырту жұмыстары тек келесі жылдың екінші жартыжылдығында бітеді»,- деді ол. 

Бозымбаевтың айтуынша, сондықтан 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қана үш зауыт жаңа режімге көшіріледі. Ал 2019 жылы Қазақстан Ресейдің мұнай компаниялары өнімдеріне тәуелділіктен арылып, ішкі нарықты бензин, дизель отыны және авиа керосинмен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдеріне дербес баға белгілейтін де болады. 

«Дегенмен, шекарамыз ашық. Мәселен, бізде жанар-жағармай бағасы арзан болса, онда ертең бензиніміз, дизель отынымыз және авиа керосиніміз Ресей нарығына өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан да біз 2018 жылы да, 2019 жылы да нарықтағы ахуалды байқап, тиісті талдаулар жасап отырамыз. Әрине, жанар-жағармай бағасы бойынша тәуелсіз боламыз. Біраз, көрші елдің нарығындағы ахуалға байланысты жұмыс жүргіземіз», - деді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 наурыз 2017, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.