Атырау, 15 қазан 05:20
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Конституцияның 26-бабы ескі редакцияда қалуы мүмкін - Өмірәлі Жалайыри

2 483 просмотра

Конституцияның 26-бабы ескі редакцияда қалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалайыри (суретте) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Конституцияның 26-бабына енгізілуі көзделген түзету шын мәнінде қоғам тарапынан үлкен резонанс тудырды. Көптеген азаматтар оны жермен байланыстырды. Сондықтан бүгінгі отырыс барысында жұмыс тобының мүшелері тарапынан бұл түзетуді алып тастау туралы ұсыныс жасалды. Меніңше, Конституцияның 26-бабы ескі редакцияда қалатын болады»,- деді ол. Айта кетейік, бүгінгі отырыс барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбеков Конституцияның 26-бабына қатысты ұсыныстар мол болғанын атап өткен еді. 

«Бұл мәселеге қатысты ашық пікірталас болды. Пікірлер әртүрлі. Азаматтардың бір бөлігі бұл норманы оң бағалап отыр немесе өздерінің редакцияларын ұсынады. Дегенмен, көпшілігі 26-бапқа өзгерту енгізубеуді сұрауда», - деген еді ол. 

Ал аталған жұмыс тобының тағы бір мүшесі, Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыровтың айтуынша, 26-бапқа қатысты Қазақстан Президенті таяу күндері нақты шешім қабылдайтын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

1 наурыз 2017, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.