Атырау, 22 мамыр 04:30
 ашықВ Атырау +23
$ 441.80
€ 480.02
₽ 4.88

Азаматтардың ұсынысының әрқилылығы билік жүйесінің шалалығын көрсетеді - Назарбаев

1 475 просмотра

Фото: Tengrinews.kz
Азаматтардың ұсынысытарының әрқилылығы билік жүйесінің шалалығын көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жұмыс тобының қорытынды отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Азаматтар ұсынған пікірлердің әрқилылығы біздің кемшілігімізді және билік жүйесіндегі шалалықты көрсетеді. Біздің ендігіде немен айналысуымыз керектігін, әсіресе құқық қорғау органдарының әрменгі ісін көрсетеді. Біз де өлім жазасы бойынша пікір білдірдік, басқа да мәселелер бойынша сөйледік... Жұмыс тобы іріктеп, маңыздыларын қалдыруы керек. Азаматтардың айтып жатқан ұсыныстарын қабылдау керек - әрине, барлығын бірдей осы кезеңде алмаймыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Президент азаматтардың барлық ұсынысы есепке алынып, назарсыз қалмайтынын айтты. 

"Ештеңе де тұрақтап қалмайды, процесс жүріп жатыр, өмір жалғасады, барлығы даму үстінде. Уақыттың талабымен белгілі бір өзгерістер енгізілетін шығар", - деді Елбасы.  

Мемлекет басшысы Қазақстанның президенттік республика болып қалатынын, бірақ реформадан кейін биліктің әр тармағы толық құзыретке ие болатынын және тәуелсіз жұмыс істейтінін хабарлады.

"Мұның барлығы президенттің құзыретін биліктің басқа тармақтары арасында үлестіру үшін жасалып отыр. Өзге елдерде керісінше, президенттің құзыретті кеңейту үшін реформалар өткізіліп, Конституцияға өзгерістер енгізіледі. Ал бізде басқаша, себебі 25 жыл ішінде басқарудың президенттің жүйесі алға қойылған міндеттерді орындады", - деді Назарбаев.

Дереккөз: Tengrinews.kz


1 наурыз 2017, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.