Атырау, 15 қаңтар 19:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Астанада полицейлермен ерегескен жастар дөкейдің балалары емес

Бейнежазба
3 052 рет қаралды

Астанада полицейлерге қарсылық көрсеткен жастар дөкейдің балалары емес. Бұл туралы Астана қалалық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"28 ақпанда интернет-ресурстарда "Золотая молодежь устроила скандал полицейским" деген тақырыппен видеоролик пайда болды. 

26 ақпанда түнгі сағат 2.00-де Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының "102" нөміріне белгісіз біреулердің тыныштықты бұзып, тұрғындардың демалуына кедергі жасап жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Шақыртуға "Сарыарқа" аудандық "Ырғыз" автопатрулі жіберілді", - дейді полицейлер. Полицейлер оқиға орнына келгеннен кейін 8 жігітті анықтаған. Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері өздерін таныстырып, олардан құжат сұраған. Алайда жігіттер былапыт сөз айтып, құжат көрсетуден бас тартқан. Кейін біреуі тіпті көлікпен жасырынбақшы болған, алайда ол ұсталып, Сарыарқа аудандық ІІБ-ге жеткізілген.  

Осыдан кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері жігіттердің Қостанай облысының тумалары екенін анықтаған. Олардың ата-аналары жеке кәсіпкерлер, жанармай құю бекетінің операторы, ЖШС жүргізушісі, есепші және тіпті араларында жұмыс істемейтіндері де бар екен. Соңында қоғамдық тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылған.


Дереккөз: Tengrinews.kz

1 наурыз 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.