Атырау, 24 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Теміртауда педофил мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен

2 520 рет қаралды

Теміртау Ішкі істер басқармасы халықтан  мектеп маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға шабуылдап, оны зорлаған белгісіз педофилді ұстауға көмек көрсетуін сұрайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне түскен мәліметте Теміртаудың екінші шағын ауданындағы №120 мектептің маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға белгісіз ер адам шабуылдағаны жазылған. ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша соталды өндіріс жүріп жатыр.

«Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы 170-175 см, салдыр-салақтау киінгені белгілі. Ол қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған», - деп хабарлайды ІІБ-ден. 

Күдікті туралы естіген-білгендер болса, Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне: 8 7213 95 42 00, 95 10 02 не 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 ақпан 2017, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.