Атырау, 15 қазан 05:19
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ға қызметке келді

2 941 просмотра

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясына қызметке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, 28 ақпанда Атқарушы комитеттің кадрлық мәселелер бойынша жиыны өткен. "2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды". - делінген федерацияның баспасөз хабарламасында. 

Осыған дейін бұл қызметте Сейілда Байшақов болған еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

28 ақпан 2017, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.