Атырау, 15 қазан 05:24
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Жер комиссиясының жұмысы бойынша заң жобасы әзірленді - АШМ

1 732 просмотра

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов (суретте) аталған ведомствоның жұмыс жоспарының жобасын таныстырды. Жоспардың ішінде Жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде қолға алынған шаралар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Атап айтқанда, жердің жаңа кадастрлық бағасын белгілеу, нақты мәліметтер базасын жасақтау және геоботаникалық карталарды әзірлеу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі заң жобасы Үкіметтің ақпанның 16-сы күнгі қаулысымен Парламенттің қарауына енгізілді», - дейді Айтуғанов. 

Бұдан бөлек, министрлік жоспарында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы аясындағы шаралар да бар. Бүгінгі отырыста Үкімет мүшелері аталған құжатты мақұлдады. 

«Жолдауда үлкен міндеттердің жүктелгенін бәріміз жақсы білеміз. Бұл жоспар аталған міндеттерді орындауға бағытталып отыр. Осы орайда үлкен жауапкершілік жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Осыны тағы да ерекше ескерткім келеді. Біз өз тарапымыздан тиісті шараларды қолға алатын боламыз», - деді Үкімет басшысының орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

28 ақпан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.