Атырау, 3 маусым 21:05
 дождьВ Атырау +22.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

2 574 рет қаралды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіков Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл бастаманы Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесі ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе көтерген, деп хабарлайдыBaq.kz.

Антиядролық қозғалыс белсендісі бұл жаңалығымен фейсбуктегі парақшасында бөлісті.

«Биыл мен Кәріпбек Күйіков пен ҚР Президенті Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігері үшін Нобель сыйлығына ұсындым», - деп жазды Варе.

Назарбаев пен Күйіковті Нобель сыйлығына ұсыну туралы ұсыныс шотландиялық саясаткер Билл Киддтен де түскен.

Алин Варе келтірген сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер шорт-парағында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастама көтергені айтылған.

Дереккөз: Baq.kz

27 ақпан 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.