Атырау, 23 желтоқсан 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Лара Фабиан Димаш Құдайбергенді миллионнан аса тыңдарманы бар парақшасында құттықтады

Бейнежазба
2 816 рет қаралды

Атақты әнші Лара Фабиан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді I Am a Singer байқауының алтыншы турында жеңімпаз атануымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Facebook желісіндегі ресми парарақшасында жазды.  "Adagio түрлі құрлықты аралап жүр. Димаш Құдайбергенді қытайлық I Am a Singer байқауында орындауымен құттықтаймын" ("Adagio" travels across continents.. Congratulations to Dimash Kudaibergenov performing at the Chinese TV competition "I am a singer"), - деп жазды әнші парақшасында. Фабианның бұл парақшасында қазіргі уақытта 1 210 435 оқырман барын айта кетейік.

Әйгілі әнші Лара Фабиан осыған дейін де қазақстандық әншінің өнеріне тәнті болғанын айтқан еді. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов сүйіншілеген. Атақты әншінің композиторы Флабиеннің Ларамен WhatsApp арқылы тілдесуін Шаримов Желіге жүктеген еді.

Айта кетейік, Қытайда өтіп жатқан музыкалық конкурстың алтыншы кезеңінде Димаш Құдайберген Лара Фабианның Adagio әнін орындаған болатын. Қазақстандық әнші бұл конкурста осымен үшінші рет бірінші орын алып отыр.


Дереккөз: Tengrinews.kz

27 ақпан 2017, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.