Атырау, 28 сәуір 23:24
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан мектептерінде демеушілердің суретін ілу ұсынылды

1 869 просмотра

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектептерде демеушілердің суретін моральдық сыйақы ретінде ілуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектептерде ақша жинау мәселесі бойынша айтсақ, министрліктің ұстанымы - мектептерге көмектесу керек. Кез келген өркениетті қоғамда өздерінің шамасы келгенше мектептерге көмек береді. Бұдан бас тартуға болмайды. Бірақ бұл үшін барлығын өркениетті етіп, ережелер қалыптастыру қажет. Мұны демеушілердің өз қалауымен жасағаны керек және демеушінің суретін моральдық сыйақы ретінде мектеп қабырғаларына ілу керек", - деді министр. 

Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектепке көмек беруден бас тартқан және ақша жинауға қарсы болған ата-аналарды ешкім күштемейді. Демеушіліктен түскен қаражаттың жұмсалуын бақылаушы кеңес қадағалайды. Кеңес құрамына ата-аналар комитеті, "Атамекен" ҰКП, Мәжіліс, ҚР БҒМ, "Нұр Отан" және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері - барлығы 17 адам кіреді.

"Олар мектептерде қамқоршылық кеңесін қалыптастырады. Ол демеушілік салымдардың қалай жаратылатынын қадағалайды. Бұл заңға қайшы емес. Қаржы министрлігімен сөйлесіп, олар мектептен бөлек есепшоттар ашатын болады. Мектептер демеушілік салымнан түскен қаражатты қайда жұмсағандары туралы есеп беріп отырады. Осының барлығына жарты жыл уақыт белгіленген, біз осыны қолға аламыз", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


24 ақпан 2017, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.