Атырау, 28 сәуір 13:54
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Сағадиев балабақшалардағы орын тапшылығының басты себебін атады

2 226 просмотра

Алдағы 4 жылдың ішінде 3-4 жастағы балалар 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Ең бірінші - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Біздің мақсатымыз 4 жылдың ішінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту. Ол үшін не істеп жатырмыз? Біріншіден, енді жетіспейтін балабақшаларды ашу үшін мемлекеттік жекеменшік серіктестікті дамытамыз. Мемлекет басшысы айтып өткендей, бұл бағытта бізде жақсы нәтижелер бар. Тек қана 2016 жылы 77 мың орынға арналған 825 мектепке дейнігі білім беру ұйымы ашылды. Соның ішінде 600-і жекеменшік балабақша», - деп атап өтті министр. 

Оның айтуынша, осының арқасында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамсыз ету 81 пайыздан 85 пайызға дейін артқан. 

«Енді мұнан ары не істеуіміз керек? Жаңа нормаларды қабылдауымыз керек. Бұлар орын тапшылығының бірден-бір себебі. Жаңа санитарлық нормалар үш ай талқыға түсті. Мыңдаған маман өз пікірлерін берді. Олардың барлығына рахметімізді айтамыз. Жаңа санитарлық нормалар тиісті мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін қабылданатын болады. Оны 1-2 айдың ішінде шешеміз», - деді Сағадиев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

24 ақпан 2017, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.