Атырау, 28 сәуір 02:11
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мұғалімдер қорыққаннан түнделетіп қағаз толтыруға мәжбүр - Сағадиев

1 693 просмотра

Қазақстанның білім министрі Ерлан Сағадиев (суретте) тексеруші органдардан қорқатын мұғалімдер жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі.

"Біз бүгіннің өзінде, негізі қағазбен есеп беруден бас тарта аламыз. Бірақ бірқатар мәселе бар, бірінші кезекте - мұғалімдердің тексеруші органдардан қорқуы. Біз мұғалімдермен және мектеп директорларымен сөйлестік, олар "Біз қағаз журнал қолданамыз, себебі қорқамыз" дейді. Мен оларға: "Ал қағаз журналға тыйым салсам ше?" десем, "Біз түнеделетіп толтырамыз. Себебі бұл ақша, ертең басымызды кесіп алады" деп жауап береді", - деді алқа отырысында министр.

Мұғалімдер қорқыныштан арылуы үшін Сағадиев Қаржы министрлігі мен Бас прокуратураның конструктив хаты немесе бұйрығы дайындалғаны жайлы айтты. Осы құжат бойынша тексерушінің қағаз түріндегі есепті тексеруге құқы жоқ.

"Басып шығардық, мөрін қойдық, тапсырдық - бүгінге осы да жеткілікті. Қаржы министрінен де осы ереже бұзылса, осы іспен айналысуды сұрадық, себепсіз тексерістерді Қаржы министрлігінің өзі қудалайды", - деді министр.

Еске салайық, осыған дейін Ерлан Сағадиев қағаз түріндегі сынып журналдары мен күнделіктердің ерікті түрде қолданылатынын айтқан болатын.

Дереккөз: Tegrinews.kz

24 ақпан 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.