Атырау, 21 желтоқсан 13:25
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Биыл «нөлiншi» сынып енгiзiледi

2 133 рет қаралды

Фото: Baq.kz
2017 жылдан бастап елiмiзде нөлiншi сынып пилоттық режимде енгiзiледi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Нөлiншi сыныпты енгiзу – 12 жылдық оқытуға көшудiң, яғни «0+11» жүйесiнiң ең бiрiншi толқыны. Нөлiншi сыныпты толығымен 2019 жылы енгiзудi жоспарлап отырмыз. Оны мектепте және балабақшада оқуға болады. Пилот ретiнде биыл бастаймыз. Оқулықтар, бағдарламалар дайын. Ендi бiзде 1 мыңнан астам балабақша мен мектеп пилоттық жүйеге жазылған. Оның iшiнде бәрiне беремiз бе, соны талқылап, бiр шешiмге келемiз», - дедi бiлiм министрi.

Атап өтсек, 2016-2017 оқу жылында алты жастағы балғындар бiрiншi сыныпқа барса, келесi оқу жылында пилоттық режим енгiзiлген бiлiм мекемелерiнде балалар 5 жасынан бастап «нөлiншi» сыныпқа қабылданады. Осылайша, олар мектептi 18 жасында бiтiредi.

Дереккөз: Baq.kz

24 ақпан 2017, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.