Атырау, 28 сәуір 17:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Өзбекстан президенті Қазақстанның бірінші вице-премьерімен ынтымақтастық жобаларын талқылады

2 216 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев 23 ақпан күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминді қабылдады. Асқар Мамин Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына қатысу үшін Өзбекстанға келді, деп хабарлады jahonnews.uz.

Өзбекстан басшысы стратегиялық серіктестік және сауда-экономика саласында өзбекстандық-қазақстандық қарым-қатынастарды дамыту мен нығайтудағы оң ықпалды атап өтті. 

2016 жылдың қыркүйек айында екі ел басшыларының Самарқандтағы кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес, бірқатар перспективалық жобалар бірлесіп жасалуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асқан. Өзбекстанда 230-дан астам кәсіпорындар қызметі қазақстандық серіктестердің қатысуымен жүзеге асуда. 

Әдеттегідей, автокөлік және темір жол көлігі, әуе қатынастары саласындағы өзара әрекеттестік белсенді болып отыр. Өзбекстан президенті екі елдің өңірлері арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнату және нығайту қажеттігін, осы арқылы сауда байланыстары және мәдени алмасу мүмкіндіктері ашылатынын баса айтты. 

Асқар Мамин жылы қарсы алғаны үшін Шавкат Мирзиёевке шын жүректен алғыс білдірді және Қазақстанның Өзбекстанмен кең ауқымды ынтымақтастыққа дайын екенін растады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

24 ақпан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.