Атырау, 15 қазан 03:17
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Мамайға "СИЗО-да қысым жасалғаны" хабарланды

2 428 просмотра

Алматы шетіндегі ЛА155/18 тергеу изоляторында (СИЗО) отырған журналист Жанболат Мамайға камераластары тарапынан қысым жасалған деп хабарлады оның адвокаты Жанар Балғабаева.

"Бүгін таңертең Жанболатпен кездестім. Оның айтуынша, өткен жұма
күні Жанболатты басқа камераға ауыстырған. Сол жерде камераластарынан соққы жеген және моральдық қысым көрген. Денесінде көгерген жер байқамадым, бірақ Жанболат қатты мазасыз күйде болды" деді адвокат.

Оның сөзінше, Жанболт Мамай бүгін тергеу изоляторы басшылығына өзін қауіпсіз жерге, тым болмаса жалғыз адамдық камераға көшіру туралы арыз жазған. Адвокат ертеңге дейін арызға қатысты тиісті шара қолданылмаса, прокуратураға шағымданатынын айтты.

Азаттық тілшісі бұл хабардың анығын білмекке ЛА155/18 мекемесіне телефон соққан еді. Мекеме қызметкерлері "бұл жайлы арнайы бөлімнен сұраңыз" деді, бірақ олар берген телефон тұтқасын ешкім көтермеді.

28 жастағы журналист Жанболат Мамайды ақпанның 10-ы күні сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлері ұстап, сот оны екі айға қамауға санкция берген. Мамайды "БТА банктен" Мұхтар
Әблязовтың кезінде ұрланған ақшаның бір бөлігінің ізін "Трибуна. Саяси
қалам" газеті арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған" деген
күдікпен тергеп жатыр.

Жанболат Мамай өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, бұл істі өзінің
журналистік қызметі мен "Трибуна. Саяси қалам" газетін жабуға
бағытталған саяси астары бар әрекет деп санайтынын мәлімдеген.

Қазір шетелде жүрген опозициялық саясаткер, "БТА банк" директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов та Мамаймен ешқашан кездеспегенін айтып, оған таққан айыпты "абсурд" деп атаған.

Дереккөз: Азаттық

21 ақпан 2017, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.