Атырау, 15 қазан 03:17
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Назарбаев Жамбыл облысында қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты

2 617 просмотра

Фото: akorda.kz
Қауіпсіздік кеңесінің отырысын ашқан Нұрсұлтан Назарбаев әскери жаттығу барысында қаза тапқан 7 әскери қызметкердің туыстары мен жақындарына барша Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

– Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан болған қайғылы оқиға туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Олардың әрқайсысы елінің нағыз патриоты болып, өз әскери міндетін соңына дейін атқарды. Қорғаныс министрлігіне қаза тапқан сарбаздардың отбасыларының бәріне жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуді тапсырамын. Мемлекеттік комиссия болған оқиғаның себептерін анықтауда. Мұндай қайғылы жағдай болашақта қайталанбау үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Дереккөз: Аkorda.kz

21 ақпан 2017, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.