Атырау, 15 қазан 01:24
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Ұлттық бюро лауазымды тұлғаларды ұстады

2 325 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар пара алды деген күдікпен бірнеше лауазымды тұлғаны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің мәліметінше, Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Қалабаев М. әшкереленді. Ол пәтеріне 2,5 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жасатып, пайда көрмекші болды деген күдікпен ұсталды.

Сондай-ақ, Алматыда Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бекет бақылау бөлімінің басшысы Шегай С. ұсталды. Ол кәсіпкерден 3 мың доллар пара алды деген күдікке ілінген.

Қазіргі уақытта екі лауазымды тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

21 ақпан 2017, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.