Атырау, 15 қазан 01:19
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Назарбаев Ресей-Беларусь қатынасы мәселелеріне алаңдайтынын білдірді

1 849 просмотра

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, екі жақты қарым-қатынас пен Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) ары қарайғы даму мәселелерін талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 20 ақпанда болған әңгіме барысында президенттер ЕАЭО-ның қазіргі қызметі мен ары қарайғы дамуы мәселелері бойынша пікір алмасты.


Ал Беларусь президенті ресми сайтының хабарлауынша, "Қазақстан президентінің бастамасымен" болған әңгімеде негізінен ЕАЭО-дағы қарым-қатынас басты мәселесі талқыланды. "Тараптар қазіргі мәселелерге қатысты бірдей алаңдаушылық білдірді. Қазақстан президенті Ресей мен Беларусь арасындағы проблемалық сұрақтарға алаңдайтынын білдірді. Ол барлық мәселе одақ ішінде шешілетініне сенімді екенін білдірді" делінген Беларусь президентінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұдан соң Назарбаев Лукашенконы алда болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысуға шақырды.

Дереккөз: Азаттық

21 ақпан 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.