Атырау, 17 мамыр 09:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Балалар ҰБТ-ға дайындалмай, білім алуы керек - Сағадиев

2 234 просмотра

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жеңілдей түскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр депуттардан бітіру емтиханын құбыжық етіп көрсетпеуді сұрады.

Депутат Наталья Жұмаділдаеваның сөзінше, оқушыларға ҰБТ-ның жаңа фоматы үлкен қиындыққа айналды. "Балаларды 11 жыл бойы ҰБТ тапсырауға даярлайды, ал мектеп бітіруге жарты жал қалғанда емтиханның жаңа форматы пайда болды. Қорытынды аттестация 25 мамыр мен 9 маусым аралығы өтеді. 20 маусым мен 1 шілде аралғы ҰБТ өтеді. Соңында бір ай ішінде оқушылар екі емтиханнан өтуімен қатар, психологиялық күйзеліске да түседі", - деп атап өтті ол.

"ҰБТ жеңілдеді. Бітіру емтихандарын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ. Оқушылар оны жыл сайын, ал кейбіреуі тоқсан сайын тапсырады. Балалар оған үйренді. Екіншіден, ҰБТ жеңілдеді және оның бестен бір бөлігі ғана өзгерді. Біз ҰБТ-ны халықаралық стандарттарға ыңғайландыруымыз керек. Емтиханға толық дайын болу мүмкін емес, 11 жыл бойы дүрыс білім алу керек. Ал сіздің балалар 11 жыл бойы ҰБТ-ға дайындалды дейсіз, бұл дұрыс емес. Олар ҰБТ-ға дайындалмай, қажетті білім алуы керек", - деді Ерлан Сағадиев. 

Сағадиев бұрын 100-ден 50 балл жинау қажет болса, қазір 50-ді 160 сұрақтан жинайтынын еске салды. Ал осы жеңілдіктің арқасында былтыр қосымша 17 мың бала ЖОО-ларға түсе алған.

"Биыл ҰБТ-ны үйде тапсыруға болады. Біз pos-терминалдарды қостық, қазір банктермен келіссөз жүргізіп жатырмыз, балалар ҰБТ ақшасын үйден төлеп, емтиханды онлайн тапсыра алады", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

20 ақпан 2017, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.