Атырау, 15 қазан 01:20
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда-саттығы 17% төмендеді

2 006 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстанның ЕАЭО елдерімен саудасы 16,8 % төмендеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен. 

2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда-саттық 13 583,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 16,8% аз. Оның ішінде экспорт - 3 917,6 млн. АҚШ долларын (23,5% азайған), импорт 9 665,9 млн. АҚШ долларын (13,7% аз) құрады. 

Қазақстан Республикасы экспортының құрылымында минералды өнімдер (ЕАЭО елдеріне жалпы экспорт көлемінің 33,4%), металдар мен металл өнімдері (25,7%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (19%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (10,8%) басым. Ал Қазақстанға ЕАЭО елдерінен көбіне машиналар мен құрылғылар (ЕАЭО елдерінен келетін жалпы импорттың 25,8%), минералды өнімдер (16,8%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,5%), жануарлар және өсімдіктерден алынған өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары (13,9%), металдар мен металл өнімдері (12,5%) жеткізіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 ақпан 2017, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.