Атырау, 6 мамыр 18:12
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді – Арыстанбек Мұхамедиұлы

1 881 просмотра

Облыстарда спортты дамытуға қаржы бөлген кезде тепе-теңдік сақталмайды. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер ұсынған. Бүгінде заң Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Егер құжат заңды күшіне енетін болса, ол еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сондай-ақ, өңірлерге қаржы спорттық жетістіктеріне қарай берілуі мүмкін. Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын 40 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізіледі. Оларға 5 млн-ға жуық азамат қатысады. Бірақ өңірлерге қаржы бөлуде тепе-теңдік сақталмайды. Бұл – өте күрделе мәселе. Осыған депутаттар назар аударса деймін», - деді ол.

Министр осыған байланысты спорт туралы заңға өзгерістер енгізілгендігін алға тартты.

«Осы мәселені ескеріп, министрлік «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер енгізді. Онда спорт түрлеріне қаржы бөлінген кезде саралау жүргізілетіні айтылған. Құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Депутаттардың қолдауымен бұл заң қабылданады деген үміттемін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр алдағы уақытта қабылдануы мүмкін заңның маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл заң – еліміздегі бұқаралық және өңірлердегі спортты дамытуға бағытталған алғашқы заң.

«Құжат бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деген үміттемін. Әр облыстың ерекшелігіне байланысты жергілікті атқарушы билік, Мәдениет және спорт министрлігі және депутаттар, қоғам қайраткелері, спортшылар арқылы осы мәселені саралайтын боламыз. Яғни, әр өңірде жақсы дамып жатқан спорт түрлерін жеке қарастырамыз. Бұл жеңіл атлетика немесе басқа да спорт түрлері болуы мүмкін. Мысалы, ОҚО-да ескек есу бар. Универсиада кезінде фристайлдан Алдабергенова, Арапбаева, Карпек, Бағланов есімді спортшылар жақсы өнер көрсетті. Олар оңтүстік өңірден.

Яғни, өңірдің спорттан нақты жетістіктері болса, сала дамып жатса, ол спорт түрін саралау тізіміне қосамыз», - деп түйіндеді сөзін министр.

Дереккөз: Baq.kz

16 ақпан 2017, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.