Атырау, 7 мамыр 07:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

2 628 просмотра

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды, деп  хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз  бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның  репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген.

«Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ортасына келгенде жұрттың бәрі орындарынан тұрып, шапалақ соқты.  «Димаш, Димаш», деп жанкүйерлердің айғайлаған үні бір сәтке толастамады», - деп жазылған   Қытайдағы Wechat әлеуметтік желісінде.

«Singer» байқауының 5-кезеңі Астана уақытымен 18 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген «Uptown Funk» әнімен бесінші орынды иеленген еді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат


16 ақпан 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.