Атырау, 7 мамыр 06:13
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Барлық ауылдарда 4G интернеті болады - Абаев

1 888 просмотра

2025 жылға қарай Қазақстандағы барлық ауылдар интернетке қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыста  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев (суретте) мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазіргі кезде жыл соңына дейін радиожиілікті стансалардың құрылысын жоспарлап отырмыз. Еліміздің барлық аудан орталықтарын 4G стандартындағы интернетпен қамтамасыз етпекпіз. Бұл өз кезегінде сапалы әрі жылдамдығы жоғары желіні іске қосуға мүмкіндік береді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Біз сандық теңсіздік бойынша алшақтық мәселесін түсінудеміз, яғни қала мен ауыл арасында осындай жағдай қалыптасып отыр. Алдағы екі жылда жұмыстардың бірінші кезеңін аяқтайтын боламыз»,-деді Д. Абаев. 

Осы орайда ол атқарылатын шаралар екі кезеңді қамтып отырғанын жеткізді. Біріншісінде, 2017-2019 жылдары 1 291 ауыл интернетке қосылады деп күтілуде. Ал екінші кезең аясында 2020-2025 жылдарда шамамен 4 мыңға жуық елді мекен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, бірінші кезеңде 2 млн. тұрғыннан астам, сондай-ақ келесі кезеңде 1,5 млн. адам қамтылатын болады 

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 ақпан 2017, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.