Атырау, 23 желтоқсан 13:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматы жанынан G4 атты төрт қала бой көтереді

2 820 рет қаралды

Алматының алғашқы серік қаласының (Gate City) құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады. Қала төрт бөліктен тұрады,- деп хабарлады Baq.kz.

«Алматы облыстық мәслихатының шешімімен жобаның техникалық-экономикалық негізі дайындалды. Құжатқа сай, Gate City құрылысы 2030 жылға дейін аяқталады», – деп мәлімдеді инвестициялар және даму министрінің орынбасары Роман Скляр.

Gate City құрылысында жолаушылар және жүк айналымының ішкі және сыртқы реттеулері бойынша транспорттық қызмет, индустриялды аймақтар мен кластерлік кешен, тұрғын үй-азаматтық кешендері мен әкімшілік-іскерлік және қоғамдық нысандар қамтылмақ.

«Қазіргі таңда Алматының серік қаласы Gate City-ге инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. Соның ішінде су, газ және электрмен қамтамасыз етіліп тұр. Енді жол мен инженерлік желілер тарту керек. Сонымен қатар қуаттылығы 200 Гкал/сағат болатын қазандық құрылысы аяқталып қалды», — деді Роман Скляр.

Дереккөз: Baq.kz

15 ақпан 2017, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.