Атырау, 3 маусым 19:10
 дождьВ Атырау +23.5
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

Қостанай облысы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды

2 565 рет қаралды


Қостанай облысы мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы - Экономикалық тергеулер қызметінің жедел басқару аға офицері С.Козбаков әшкереледі", - деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметіндегілер. 

"С.Козбаковтың Қостанай адвокаттары алқасының адвокаты Е.Мұхамеджанованың делдалдығымен "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ аймақтық филиалының өкілінен қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін және жалпы жебеушілік көрсету үшін 3 миллион теңге пара алғаны анықталды", - деді Антикоррупция қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта Козбаеков ұсталып, Рудный қалалық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

15 ақпан 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.