Атырау, 14 қазан 23:31
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Астанада айыппұл төлемегендер қамауға алынады

2 634 просмотра

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 2016 жылдың қорытындысы бойынша 374 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған, соның ішінде әкімшілік істер бойынша 2 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынған, деп хабарлайды astana.gov.kz.- ке сілтеме жасаған Baq.kz.

Қазіргі уақытта елордада әкімшілік айыппұлдарды төлемейтін тұрғындарды анықтау және айыппұлды тәркілеу бойынша рейд жүргізілуде.

Әкімшілік айыппұлдарды ерікті түрде төлемеген құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 669 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалады. Сот үкімін, сот шешімін немесе басқа сот актін және орындау құжатын елемегені және орындамағаны үшін бес тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған.

Елорданың Мамандандырылған әкімшілік сотында алғашқы сот процесі өтті, онда судья әкімшілік айыппұлдарын өтемеген тұлғаларға қатысты қамауға алу жазасын қолдану туралы шешім шығарды, ал бұрын аталған құқық бұзушылық үшін айыппұл түрінде санкция қарастырылатын.

Елорда ІІД әкімшілік полициясының қызметкерлері ҚР ҚК 430-бабына сәйкес, борышкердің заңды күшіне енген үкімді, сот шешімін немесе басқа сот актін немесе орындау құжатын алты айдан артық уақыт бойы орындамау үштен бес жылға дейін бас бостандығын шектеумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Дереккөз: Baq.kz

14 ақпан 2017, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.