Атырау, 14 қазан 23:32
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Түрікменстан президенті Назарбаевтың ұсынысын қабыл алды

1 700 просмотра

Түрікменстан президенті Нұрсұлан Назарбаевтың Қазақстанға шақыруын қабыл алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтемt жасап.

Қазақстан Президенті әңгіме барысында Бердімұхамедовті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттер басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.

Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.  Түрікменстан Президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.

Мұның алдында Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдаған болатын. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 ақпан 2017, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.