Атырау, 29 наурыз 00:33
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады

2 454 просмотра

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Корей Халық Демократиялық Республикасының баллистикалық зымыран ұшыруына  қатысты мәлімдеме жасады.

«Қазақстан Республикасы КХДР-дың 2017 жылғы 12 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын өрескел бұзып жасаған баллистикалық зымыран ұшыруын қатаң айыптайды. Жапониямен бірлесіп ЯСЖТШ ХІV бабы бойынша 9-шы Конференцияға тең төрағалық ете отырып, сондай-ақ Баллистикалық ракеталардың таралуының алдын алу іс-қимылдары жөніндегі Гаага кодексіне төрағалық ете отырып, Қазақстан КХДР-дың аса жауапсыз әрекеттерін ядролық қарусыздандыру процесіне теріс ықпал етеді және ол өңірлікпен әрі ғаламдық ауқымдарда да қауіп төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым бөлігінің ядросыз болашақты қамтамасыз етуге жұмсалған күш-жігеріне кері әсерін тигізеді деп есептейді», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан әлемнің ядролық қарудан бас тартуы ғаламдық қауіпсіздіктің кепілі екеніне кәміл сенімді болып, КХДР-ды Қытай, Ресей, АҚШ, Корей Республикасы және Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздер үстеліне кідірмей оралуға және ядролық шамданушылықтан  толық бас тартуға шақырады. Еске сала кетейік, бүгін Солтүстік Корея Жапонияға қарай Жапон теңізіне қарай орналасқан Пхёнан-Пукто провинциясындағы әуе базасынан баллистикалық зымыран ұшырды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оңтүстіккореялық әскерилер оның ұшу жолын бақылап отырған және зымыран 500 шақырым жерге дейін ұшқан.

Дереккөз: Еgemen.kz 

13 ақпан 2017, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.