Атырау, 28 сәуір 23:03
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бішкек түбінде құлаған Boeing Қазақстанда сақтандырылған болып шықты

1 708 просмотра

Бішкек түбінде құлаған Boeing Қазақстанның «Еуразия» сақтандыру компаниясында сақтандырылған болып шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің Қырғызстандағы меншікті тілшісі.  

«Әуе ұшағы «Еуразия» сақтандыру компаниясында сақтандырылған, ол қазір сақтандыру оқиғасы туралы хабарлама алды. Сақтандырушылар мен лосс-аджастерлер зардап шеккен әрбір тарапқа қанша қаражат төлеулері тиіс екендіктерін санап жатыр. Сақтандырушылар тек ұшақтың өз құнын өтеуге кемінде 38 миллион долларды шығындауы ықтимал. Бұл тек алдын ала сома», - деп хабарлады сақтандыру компаниясынан. Сақтандыру келісімшарты бойынша, ұшақ қана емес, сонымен қатар ұшақ иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі мен олардың үшінші тұлғаларға қатысты жауапкершілігі де сақтандырылған. 

«Егер аталмыш оқиға келісімшартта көрсетілген қауіп-қатерлердің бірінен орын алған болса, сақтандырылған тарап тиісті құжаттарды дер уақытында тапсырған жағдайда, «Еуразия» сақтандыру компаниясы зардап шеккен тарапқа сақтандыру төлемін қысқа уақыттың ішінде жүргізуге дайын», - деп атап өтеді компания. 

Еске сала кетейік, 16 қаңтарда Гонконгтан Ыстанбұлға аттанған Boeing-747 ұшағы Бішкек түбінде құлап, бірнеше үйді қиратып кеткен болатын. Апат салдарынан 39 адам қаза тапты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 ақпан 2017, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.