Атырау, 28 сәуір 16:21
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ұлттық бюро: Жанболат Мамайдың Әблязовтің қылмысына қатысы бар

1 807 просмотра

Белсенді, оппозициялық "Трибуна. Саяси қалам" газеті бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамайдың оппозициялық саясаткер, қуғындағы олигарх Мұхтар Әблязовтің "БТА банк" қаржысын жымқыру ісіне қатысы бары анықталды деп хабарлады бүгін Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы.

Бюро баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, "БТА банктің" бұрынғы басшылары Мұхтар Әблязов мен Жақсылық Жарымбетов және басқа да адамдарға қатысты банк қаржысын жымқыру фактісі бойынша істі тергеу аясында Жанболат Мамайдың "Әблязовтің Қазақстандағы жаңа көмекшісі екені" анықталған.

"Ол "БТА банктен" жымқырылған қаржының бір бөлігін "Трибуна. Саяси қалам" газетін шығару арқылы заңды қаржылық операция жолымен жымқырған" делінген Мамай туралы бюро ақпаратында.

Бюроның баспасөз хатшысы Ақжан Ырсалдинов Азаттыққа "тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын" айтып, Мамайдың Әблязовқа қатысты қылмыстық істе куәгер, әлде күдікті ретінде тартылғанын нақтыламады.

Ведомство қазір "қылмыстық қаржыны заңдастыру фактісін" растайтын қаржылық және басқа да құжаттарды іздеу мақсатында тиісті тергеу шаралары, оның ішінде тінтулер жүргізіліп жатқанын айтады.

Бүгін таңертең Жанболат Мамайдың үйіне коррупцияға қарсы қызмет тергеушілері тінту жасалып, Мамайды ұстап алып кеткені хабарланған.Сонымен бірге бүгін "Трибуна. Саяси қалам" газетінің редакциясына да тінту жасалған.

Дереккөз: Азаттық

10 ақпан 2017, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.