Атырау, 28 сәуір 17:35
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жанболат Мамайды ұстап әкеткені хабарланды

3 602 просмотра

"Трибуна". Саяси қалам" басылымының бас редакторы міндетін атқарушы Жанболат Мамайды ұстап әкетті. Бұл туралы Азаттыққа Жанболат Мамайдың анасы Менизат Тоқпатаева телефон арқылы хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, бүгін таңертеңгі сағат 8:30 шамасында өздерін коррупцияға қарсы іс-қимыл бюросынан деп таныстырған бірнеше адам үйлеріне келіп екі жарым сағаттай тінту жүргізген,- деп хабарлады Азаттық.

- Бүкіл үйге тінту жасап, барлығымыздың киімдерімізді, Жанболаттың бөлмесін түгел тексеріп шықты. Сосын Жанболатты алып кетті. Онымен бірге құжаттарын, ұялы телефонын, күйеуімнің планшетін, көліктің құжаттарын алып кетті, - деді Менизат Тоқпатаева. Ол тінтудің не себепті жасалғанын өзі білмейтінін айтты.

Бүгін "Трибуна. Саяси қалам" басылымының редакциясына да тінту жасалғаны хабарланды. Басылым журналисі Инга Иманбай Facebook-те басылым редакциясына тінту жүргізуге бірнеше адамның келгені туралы хабарлады. Иманбай жариялаған видеода редакцияға өзін жедел тергеу тобының тергеушісі деп таныстырған адамның кіргені түсірілген, таныстырудан соң видео үзіліп кетеді.

Басылымның Ақсай-1 шағын ауданында орналасқан редакциясына барған Азаттық тілшілері редакция есігіне қабырғамен біріктіріп "Бекітілген" деген жазуы бар қағаз жапсырып кеткенін көрді. Қағазда "И.Е.Иманбаева, Н.Әліпбек және тергеуші Н.Жақыпбеков болды" деген сөз бен бүгінгі күн жазылған. Бірақ қағазға мөр қойылмаған.

Жанболат Мамай мен Инга Иманбай да телефонға жауап бермей тұр.

Коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі Азаттыққа Жанболат Мамайдың ұсталғаны туралы әзірге ақпарат жоғын айтты.

Дереккөз: Азаттық

10 ақпан 2017, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.