Атырау, 28 сәуір 04:05
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Саяси реформалар жөніндегі жұмыс тобына 500-ден астам ұсыныс түсті

2 013 просмотра

Саяси реформалар жөніндегі жұмыс  тобына 500-ден астам ұсыныс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазіргі күні 500-ден астам түрлі ұсыныс түсті. Мұнан бөлек, көптеген пікірлер де бар. Конституцияға түзетулер енгізу туралы Заң жобасының жалпыхалықтық талқылауға шығарылғанына екі апта өтті. Өздеріңіз де көріп отырғандай,  қоғамда реформаның барлық тармақтары бойынша белсенді пікірталас жүріп жатыр. Біздің  топтың мүшелері де белсенді жұмыс істеп, түсіп жатқан барлық ұсыныстарды жинақтап, сараптауда. Бұл жұмыстарға түрлі салалардың мамандары мен сарапшылары жұмылдырылған. Бүкілхалықтық талқылауға конституциялық реформаның жобасы ғана шығарылғандығын атап өткен жөн. Біз мұны әр уақытта да ескеруге тиіспіз. Талқылау қорытындысында ол өзгеруі мүмкін. Қазақстандық қоғамның басым бөлігінің пікірін білдіретін ұсыныстар қабылдануы мүмкін», - деп атап өтті ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысында.

Айта кетерлігі, жұмыс тобы ҚР Президентінің шешімімен  құрылған болатын.  Отырыста «Қазақстан Республикасының Конституциясына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысы талқыланды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 ақпан 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.